Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі қорытындылары
1.1. Өнеркәсіп
2025 жылғы 1 шілдеге өнеркәсіп өндірісінің көлемі 329261,7 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі (бұдан әрі - НКИ) 2024 жылдың ұқсас кезеңіне 102,3% құрады (2024 ж. - 317337,0 млн. теңге, НКИ-113,9%).
- тау-кен өндіру өнеркәсібінің өндіріс көлемі - 4187,1 млн. теңге, НКИ – 80,7% (2024 ж. – 3139,4 млн. теңге, НКИ – 103,3%);
- өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі - 272702,4 млн. теңге, НКИ-103,2% (2024 ж. – 271001,5 млн. теңге, НКИ – 117,5%);
- электрмен жабдықтау - 51670,1 млн. теңге, НКИ – 100,4% (2024 ж. – 42540,6 млн. теңге, НКИ-97,7%);
- сумен жабдықтау – 702,1 млн.теңге, НКИ – 94,9% (2024 ж. – 655,5 млн. теңге, НКИ – 101,4%).
1.2. Ауыл шаруашылығы
2025 жылғы қаңтар-маусым айлары ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 8523,0 млн. теңгені құрады. НКИ - 96,5 % (2024 ж. – 7636,9 млн. теңге, НКИ - 100,9%). Себебі: Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен ет өндірісінің төмендеуі.
Өсімдік шаруашылығы - 338,2 млн. теңге, НКИ - 142,9%;
Мал шаруашылығы – 7908,7 млн. теңге, НКИ - 95,1%.
Ақсу өңірінде 577 ауыл шаруашылығы құрылымдары бар.
Мал шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы саны:
ІҚМ - 44 713 бас, 120,9% (2024 ж. - 36980 бас);
жылқы - 20 177 бас, 92,2% (2024 ж. – 21875 бас);
қой 55 053 бас, 121,2% (2024 ж – 45420 бас);
ешкі 3931 бас, 69,3% (2024 ж – 5674 бас);
шошқа 812 бас, 98,2% (2024 ж – 827 бас);
құстар – 334 782 бас, 1261,9% (2024 ж. – 26531 бас).
Тірі салмақтағы ет – 2 834,1 тонна (84,4%), сүт – 18 385,9 тонна (144,8%), жұмыртқа - 630,0 мың дана (99,4%) құрады.
1.3. Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі 19667,8 млн. теңгені құрады. НКИ – 115,1% (2024 ж. – 16663,7 млн. теңге, НКИ - 110,6%).
1.4. Тұрғын үйді енгізу
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 21067 ш.м., НКИ – 102,5% (2024 ж. – 20549 ш.м., НКИ – 111,6%).
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі - 63709,1 млн. теңгені құрады. 2024 жылдың ұқсас кезеңінде НКИ - 112,5% (2024 ж. 55084,6 млн.теңге, НКИ – 106,2%).
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны тіркелген 3840 бірліктен 3480 бірлік немесе 2024 жылдың ұқсас кезеңіне 93,6% (3927 бірліктен 3718 жұмыс істейтін - 94,7%).
Бөлшек сауда көлемі 20 144,1 млн. теңгені құрады, НКИ - 2024 жылдың ұқсас кезеңіне 100,6% (2024 ж. – 18 651,7 млн. теңге, НКИ – 100,8%).
Анықтама: Көтерме сауда көлемі - 8369,4 млн. теңге, НКИ -100,0%.
5.1 Еңбек нарығы
Жұмыссыздық деңгейі – 4,8% құрайды.
Есепті айдың басында жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны 1715 адамды құрады.
2025 жылғы 1 шілдеге 684 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды, жастар практикасына 27 адам жіберілді.
Қоғамдық жұмыстарға - 203 адам.
Жалпы сомасы 62,7 млн.теңгеге 164 отбасына (781 адам) АӘК тағайындалды.
5.2. Еңбекақы төлемі
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 462 881 теңгені немесе 2024 жылға 114,7% құрады (2025 жылғы 1 тоқсан ішіндегі стат. деректер).
Ақсу өңірінде 25 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде: 22 – орта, 2 – негізгі, 1 - бастауыш, 15 – балабақша, оның ішінде 1-жекеменшік, 15 – жалпы білім беретін мектептер жанындағы шағын орталықтар, 3-қосымша білім беру ұйымдары (БӨМ, БШҮ, БЭТО).
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 97,2%, 2 жастан 6 жасқа дейін-100%, 3 жастан 6 жасқа дейін - 100 %.
Өңір бойынша барлығы 0-6 жастан бастап - 4138 бала, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейін - 2996 бала.
1-11 сынып оқушыларының контингенті 11180 құрайды. 5 мектепте оқыту қазақ тілінде, 19 қазақ және орыс тілдерінде, 1 орыс тілінде жүргізіледі.
Барлық мектептер компьютерлермен, ішкі және сыртқы модификациялардың бейнекамераларымен, Ақсу қаласы полиция бөлімінің пультіне шығарылатын дабыл түймелерімен қамтамасыз етілген.
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша онкологиялық ауру бойынша көрсеткіштің 2,4% – ға (100 мың тұрғынға шаққанда 271,1, 2024 ж. - 264,8) ұлғаюы байқалады, бұл ретте қан айналымы жүйесінің сырқаттану көрсеткіші 23,5% – ға (100 мың тұрғынға шаққанда 2796,9, 2024 ж. - 2264,3) ұлғайды.
Сапалы орталық сумен қамтамасыз ету - 98,0%, электрмен жабдықтау - 100%, жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 115,0 км.
Өңір бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы Ақсу өңірі бойынша аудандық маңызы бар 671,3 км құрайды (оның ішінде республикалық маңызы бар - 182 км; облыстық маңызы бар - 61 км; аудандық маңызы бар – 134,4 км; қала көшелері 80,9 км, ауылдық елді мекендердің кентішілік көшелері - 213 км).
Аудандық маңызы бар жолдарды күрделі жөндеуге 570,4 млн. теңге қарастырылған.
Жылу желілерінің тозуы – 62,8%, электр желілерінің тозуы - 69%, су құбыры желілерінің тозуы – 60% құрайды.
Қала көшелерінің қанағаттанарлық және жақсы жағдайдағы үлесі 70,3% құрады.
6 ауылдық округте 11 учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді, оның 11 қызметтік автокөлік бар.
1 қоғамдық құрылым жұмыс істейді, онда 38 қоғамдық полиция көмекшісі бар.
2025 жылғы қаңтар-маусым ішінде 179 қылмыс тіркелді (2024 ж. - 234), оның ішінде 13 көшеде жасалды (2024ж. - 17).
Ақсу өңірі бойынша 1-3 санаттағы кірістер 2025 жылғы 1 шілдеге 103,1% орындалды (жоспар бойынша 8183,2 млн. теңге 8432,9 млн. теңге түсті).
Бюджет шығыстары жоспар барасында 8797,3 млн. теңге, 8694,6 млн. теңгеге немесе 98,8% игерілді, құрылыс бөлімінің жобалары бойынша орындалған жұмыстар актілерінің болмауына байланысты (оның ішінде Павлодар облысы Ақсу қаласы Евгеньевка ауылдық округінің Үштерек ауылында ДСК салу – 63,5 млн теңге; Павлодар облысы Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің Алғабас ауылында мәдени-демалыс орталығының құрылысы - 30,0 млн теңге).