Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округі әкімінің
«Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округі
әкімінің 2020 жылғы 3 тамыздағы «Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің Жолқұдық ауылының Жаңамайдан, Достық, Школьная, Қанаш Қамзин, Гагарин, Абай Құнанбаев көшелерінің аумағына ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-04/05 шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімі жобасына
баспасөз-релизі
Осы шешімді қабылдаудың мақсаты Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің Жолқұдық ауылының Жаңамайдан, Достық, Школьная, Қанаш Қамзин, Гагарин, Абай Құнанбаев көшелерінің аумағына ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды аяқтау болып табылады.
Шешім Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілері туралы» Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2020 жылғы 4 қарашадағы № 2-19/673 ұсынысына сәйкес әзірленді және осыған байланысты «Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің Жолқұдық ауылының Жаңамайдан, Достық, Школьная, Қанаш Қамзин, Гагарин, Абай Құнанбаев көшелерінің аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылады.
Шешім жобасымен Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 3 тамыздағы «Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің Жолқұдық ауылының Жаңамайдан, Достық, Школьная, Қанаш Қамзин, Гагарин, Абай Құнанбаев көшелерінің аумағына ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-04/05 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6880 болып тіркелген, 2020 жылғы 5 тамыздағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын;
Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 3 тамыздағы «Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің Жолқұдық ауылының Жаңамайдан, Достық, Школьная, Қанаш Қамзин, Гагарин, Абай Құнанбаев көшелерінің аумағына ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-04/05 шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің жобасы https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=5346525
ашық НҚА порталында орналастырылған.
Осы жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Алғабас ауылдық округінің әкімі А. Рустемов