Ақсу қаласының АСК сайланған әкімге куәлік тапсырды

2025 жылғы 30 маусымда Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің Мәмәйіт Омаров ауылының мәдени-демалыс орталығының ғимаратында ауылдық округ активінің кеңесі өтті, Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А. Ы. Оразалин Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің сайланған әкімі Сукер Болотханға куәлік тапсырды.

Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округ тұрғындарының тікелей сайлауы нәтижесінде әкім қызметіне сайланған Сукер Болотхан 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап ресми түрде өз міндеттерін орындауға кірісті.

Сукер Болотхан 1986 жылы туған.

15 жылдан астам Ақсу қаласының жергілікті атқарушы органдарында, «Ақсу қаласы, Үштерек ауылы әкімінің аппараты» ММ бас маман, «Ақсу қаласы, Евгеньевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маман болып жұмыс істеді. 2013 жылы Евгеньевка ауылдық округі әкімінің көмекшісі болып тағайындалды, 2017 жылдан бастап Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарды. 2018 жылы жанама дауыс беру арқылы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі болып сайланды. 2021 жылы тікелей сайлау нәтижесінде Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округ тұрғындарымен әкім болып сайланды, «АMANAT» партиясымен ұсынылды.

 

Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
03 июля 2025