2025 жылғы 29 маусымда Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 2217 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1279 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 20 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 2.
Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Каирова Майгуль Кабдулмажитовна үшін сайлаушылардың 147 дауысы берілді,
Сукер Болотхан үшін сайлаушылардың 1052 дауысы берілді,
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 56.
Сайлау қорытындысы бойынша Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкімі болып сайланды:
Сукер Болотхан, 1986 жылы туған, «Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, әкім, Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров ауылының тұрғыны.
Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы