Ақсу өңірінің 2025 жылғы қаңтар-мамыр әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары

Ақсу қаласы

Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі қорытындылары

 

 

  1. Экономиканың нақты секторы

        1.1. Өнеркәсіп

         2025 жылғы 1 мамырға өнеркәсіп өндірісінің көлемі 228527,6 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі (бұдан әрі - НКИ) 2024 жылдың ұқсас кезеңіне 106,0% құрады (2024 ж. - 199318,9 млн. теңге, НКИ-113,4%).

            - тау-кен өндіру өнеркәсібінің өндіріс көлемі - 1371,1 млн. теңге, НКИ – 81,9% (2024 ж. – 1072,8 млн. теңге, НКИ – 144,8%);

            - өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі - 191044,4 млн. теңге, НКИ-108,3% (2024 ж. – 166341,5 млн. теңге, НКИ – 115,5%);

            - электрмен жабдықтау - 35652,5 млн. теңге, НКИ – 97,2% (2024 ж. – 31474,6 млн. теңге, НКИ-102,2%);

         - сумен жабдықтау – 459,7 млн.теңге, НКИ – 96,0% (2024 ж. – 429,9 млн. теңге, НКИ – 118,3%).

        

        1.2. Ауыл шаруашылығы

         2025 жылғы қаңтар-сәуір айлары ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 4833,0 млн. теңгені құрады. НКИ - 120,9 % (2024 ж. – 3546,9 млн. теңге, НКИ - 75,6%).

         Өсімдік шаруашылығы - 215,3 млн. теңге, НКИ - 100,0%;

         Мал шаруашылығы – 4614,6 млн. теңге, НКИ - 121,7%.

        

       

         Ақсу өңірінде 577 ауыл шаруашылығы құрылымдары бар.

         Мал шаруашылығы

         Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы саны:

         ІҚМ - 54 821 бас, 173,2% (2024 ж. - 31645 бас);

            жылқы - 22 052 бас, 92,1% (2024 ж. – 23952 бас);

қой 65 145 бас, 137,9% (2024 ж – 47225 бас);

ешкі 5006 бас, 83,8% (2024 ж – 5972 бас);

шошқа 655 бас, 88,5% (2024 ж – 740 бас);

            құстар – 138 299 бас, 512,9% (2024 ж. – 26962 бас).

            Тірі салмақтағы ет – 1 593,1 тонна (115,4%), сүт – 11 475,8 тонна (148,1%), жұмыртқа - 352,9 мың дана (99,0%) құрады.

 

       

         1.3. Құрылыс

         Құрылыс жұмыстарының көлемі 6674,4 млн. теңгені құрады. НКИ – 118,4% (2024 ж. – 5509,3  млн. теңге, НКИ - 149,5%).

        

 

        1.4. Тұрғын үйді енгізу

         Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 17156 ш.м., НКИ – 100,7% (2024 ж. – 17040 ш.м., НКИ – 103,4%).

        

  1. Инвестиция

         Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі - 19284,9 млн. теңгені құрады. 2024 жылдың ұқсас кезеңінде НКИ - 76,9% (2024 ж. 24376,3  млн.теңге, НКИ – 105,5%).

         Төмендеу себебі: ірі инвестициялық жобалардың болмауы.

        

  1. Шағын және орта кәсіпкерлік

         Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны тіркелген 3828 бірліктен 3517 бірлік немесе 2024 жылдың ұқсас кезеңіне 96,3% (3852 бірліктен 3654 жұмыс істейтін - 94,9%).

 

  1. Сауда

         Бөлшек сауда көлемі 11 835,8 млн. теңгені құрады, НКИ - 2024 жылдың ұқсас кезеңіне 100,4% (2024 ж. – 11 017,6 млн. теңге, НКИ – 100,0%).

         Анықтама: Көтерме сауда көлемі - 3628,0  млн. теңге, НКИ -123,9%.

        

  1. Әлеуметтік сала

        5.1 Еңбек нарығы

         Жұмыссыздық деңгейі – 4,8% құрайды.

         Есепті айдың басында жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны 1711 адамды құрады.

         2025 жылғы 1 мамырға 437 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды, жастар практикасына 20 адам жіберілді.

         Қоғамдық жұмыстарға-189 адам.

         Жалпы сомасы 39,5 млн.теңгеге 159 отбасына (757 адам) АӘК тағайындалды.

        5.2. Еңбекақы төлемі

         Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 462 881 теңгені немесе 2024 жылға 114,7% құрады (2025 жылғы 1 тоқсан ішіндегі стат. деректер).

 

  1. Білім

         Ақсу өңірінде 25 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде: 22 – орта, 2 – негізгі, 1 - бастауыш, 15 – балабақша, оның ішінде 1-жекеменшік, 15 – жалпы білім беретін мектептер жанындағы шағын орталықтар, 3-қосымша білім беру ұйымдары (БӨМ, БШҮ, БЭТО).

         1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 97,2%, 2 жастан 6 жасқа дейін-100%, 3 жастан 6 жасқа дейін - 100 %.

         Өңір бойынша барлығы 0-6 жастан бастап - 4129 бала, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейін - 3001 бала.

         1-11 сынып оқушыларының контингенті 11180 құрайды. 5 мектепте оқыту қазақ тілінде, 19 қазақ және орыс тілдерінде, 1 орыс тілінде жүргізіледі.

         Барлық мектептер компьютерлермен, ішкі және сыртқы модификациялардың бейнекамераларымен, Ақсу қаласы полиция бөлімінің пультіне шығарылатын дабыл түймелерімен қамтамасыз етілген.

 

  1. Денсаулық сақтау

         2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша онкологиялық ауру бойынша көрсеткіштің 8,0% – ға (100 мың тұрғынға шаққанда 286,0, 2024 ж. - 264,8) ұлғаюы байқалады, бұл ретте қан айналымы жүйесінің сырқаттану көрсеткіші 33,1% – ға (100 мың тұрғынға шаққанда 2730,5, 2024 ж. - 2052,0) ұлғайды.

 

  1. Инфрақұрылым және ТҮКШ

         Сапалы орталық сумен қамтамасыз ету - 98,0%, электрмен жабдықтау - 100%, жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 115,0 км.

         Өңір бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы Ақсу өңірі бойынша аудандық маңызы бар 671,3 км құрайды (оның ішінде республикалық маңызы бар - 182 км; облыстық маңызы бар - 61 км; аудандық маңызы бар – 134,4 км; қала көшелері 80,9 км, ауылдық елді мекендердің кентішілік көшелері - 213 км).

         Аудандық маңызы бар жолдарды күрделі жөндеуге 570,4 млн. теңге қарастырылған.

         Жылу желілерінің тозуы – 62,8%, электр желілерінің тозуы - 69%, су құбыры желілерінің тозуы – 60% құрайды.

         Қала көшелерінің қанағаттанарлық және жақсы жағдайдағы үлесі 70,3% құрады.

  1. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

         6 ауылдық округте 11 учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді, оның 11 қызметтік автокөлік бар.

         1 қоғамдық құрылым жұмыс істейді, онда 38 қоғамдық полиция көмекшісі бар.

         2025 жылғы қаңтар-мамыр ішінде 123 қылмыс тіркелді (2024 ж. - 123), оның ішінде 10 көшеде жасалды (2024ж. - 9).

         2025 жылғы қаңтар-наурыз ішінде 2 жағдай ЖКО тіркелді (2024 ж. - 3).

 

  1. Бюджеттің орындалуы

Ақсу өңірі бойынша 1-3 санаттағы кірістер 2025 жылғы 1 мамырға 112,9% орындалды (жоспар бойынша 3933,7 млн. теңге 4442,8 млн. теңге түсті).     

Бюджет шығыстары жоспар барасында 3228,2 млн. теңге, 3226,4 млн. теңгеге немесе 99,9% игерілді.

 

Дата публикации
24 июня 2025