Ақсу қаласының ТЖБ мен ҚБ қызметкерлері Ақсу қаласының қайық станциясында профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Жиын барысында шағын көлемді кемелердің иелеріне су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Ақсу қаласының ТЖ бөлімі ескертеді:
- Құтқару кеудешесін кимей немесе оны бекітпей су көлігін (шағын көлемді кеме, су көлігі немесе сүйретілетін жүзу құралы) басқаруға немесе оған мінуге тыйым салынады.
- Шағын көлемді кемелерде (қоса алғанда ескекті қайықтар) жағажайларда немесе сүңгуге арналған акватория учаскелерінде жүзуге және маневр жасауға тыйым салынады (адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кемелерден басқа).
- Жүзуге арналған акваторияға кіруге, жүзу аялдамасы белгілеріне жақындауға, оларға швартовка жасауға және кеме жүретін жолда тоқтауға болмайды.
Шағын көлемді кемелерде балаларды серуендету кезінде:
- Кеменің рұқсат етілген жүктемесінен асыруға болмайды;
- 7 жасқа дейінгі балаларды серуендетуге болмайды;
- Кемеден суға секіруге болмайды;
- Жеке құтқару құралдарынсыз серуендеуге болмайды.
Ақсу қаласының ТЖБ