Ақсу қаласында жағажайларды тексеру және қоғамдық құтқарушыларды оқыту жүргізілді

Ақсу қаласы ТЖБ қызметкерлері құтқару бөлімшесі және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жағажайларға тексеру жүргізді. Тексеру барысында қаланың құтқарушылары жағажайлардың түбін азаматтардың қауіпсіз шомылуы үшін тазартты.

Сонымен қатар, су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылған қоғамдық құтқарушыларға оқыту жүргізілді.

Ақсу қаласының ТЖБ

Дата публикации
18 июня 2025