Ақсу қаласының ТЖБ балаларды терезеден құлаудан қалай қорғау керектігін еске салады:
❌ бала терезені өздігінен аша алмау үшін терезелерге құлып орнатыңыз;
❌ бала терезеге шыға алатындай жиһазды тақап қоймаңыз;
❌ арнайы қорғаныссыз москит торларын пайдаланбаңыз;
❌ баланы ешқашан ересектердің қарауынсыз ашық терезелері бар бөлмеде қалдырмаңыз;
❌ балаларға ашық терезе қауіпті екенін және тор болса да, оған сүйенуге болмайтынын айтыңыз.
📣 Ақсу қаласының ТЖБ құлаудың басым көпшілігі балалардың ересектердің қараусыз қалғандығынан туындайтынына назар аударады!
Ақсу қаласының ТЖБ