Ақсу қаласы әкімінің «Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы жобасына баспасөз-хабарлама

Ақсу қаласы әкімінің 2025 жылғы 5 мамырдағы «Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» № 9 шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес әзірленді.

Аталған шешімді қабылдау мақсаты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жарияламау болып табылады.

Шешімнің жобасы Ақсу қаласы әкімінің ресми сайтында және «Ашық НҚА» порталында 2025 жылғы 09 маусымда орналастырылды.

Дата публикации
09 июня 2025