Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

 

2025 жылғы 3 маусымда сағат 18.00-де Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі бойынша барлығы  4 кандидат, оның ішінде 1 (25,0 %) – саяси партиясымен ұсынылды, 3 (75,0 %) - өзін-өзі ұсынды.

         Орташа бәсекелестік - 4  адам. 

         Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2025 жылғы 8 маусымда сағат 18.00-де аяқталады.

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми БАҚ жарияланады.

 

Ақсу қалалық аумақтық  сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
04 июня 2025