Бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларды пайдаланушыларға Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарға эфир уақыты мен баспа алаңын беру туралы
Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2024 жылғы 3 маусымнан (сайлау алдындағы үгітті жүргізу басталардан кемінде бес күн бұрын) кешіктірмей Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкімдігіне кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін эфир мен баспа алаңын («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясына (эл.пошта tic_pav_aks@saylau.kz, мекенжайы: Ақсу қаласы, Астана көшесі, 37, балалар шығармашылығы үйінің ғимараты) ұсынуға тиіс.
Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес сайлауға қатысатын кандидаттардың үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау немесе эфир алаңын беру шарттары мен тәртібі бойынша сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясына төлем мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаған, – лауазымды адамдарға-отыз, заңды тұлғаларға-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы