Ақсу қаласы әкімінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 1 шешімімен бекітілген, Ақсу қаласы аумағындағы сайлау учаскелерінің шекаралары.
Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі сайлау учаскелерінің шекаралары
№ 492 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Мәмәйіт Омаров атындағы ауылы, Ш.Арғынбаев көшесі, 1, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақсу қаласы білім беру бөлімінің "Жамбыл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің Мәмәйіт Омаров атындағы, Сырлы-Қала, Дөнентаев, Көктерек ауылдарының аумақтары.
№ 493 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Құркөл ауылы, 40 лет Победы көшесі, 17, Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің Құркөл ауылының мәдени-бос уақыт орталығының ғимараты;
сайлау учаскесінің шекарасы: Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің Құркөл ауылының аумағы.
№ 499 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Еңбек ауылы, Ардагерлер көшесі, 17/1, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақсу қаласы білім беру бөлімінің "Еңбек ауылының орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекарасы: Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің Еңбек ауылының аумағы.