Ақсу қалалық тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасы (бұдан әрі-Ақсу қалалық ТКҚСҚББ) хабарлайды: 2020 жылдың қазан айында мониторинг тобы барысында Ақсу қаласының сауда, қоғамдық тамақтану объектілерінде және шаштараздарында карантиндік шаралардың бірқатар бұзушылықтары анықталды (клиенттерге бетперде мен қолғапсыз қызмет көрсету, әлеуметтік қашықтықты сақтамау, объектіге кіреберісте дезинфекциялық кілемшелердің болмауы, объектілерде кварц, бактерицидті шамдардың болмауы, отбасылық іс-шараларды өткізу, жұмыс режимін бұзу ).
Карантиндік шараларды сақтамағаны үшін 319470т. сомасына 3 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама (230 АЕК – 50%) және 41670т. сомасына 12 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама (30 АЕК – 50%) жасалды.
Мониторингтік топтың жұмысы жалғасуда.
Сондай-ақ, Ақсу қалалық ТКҚСҚББ ЕСКЕРТЕДІ: карантиндік шараларды сақтамағаны үшін ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 425 бабының 1 бөлігімен қарастырылған әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырады: жеке тұлғалар-30 АЕК (83 340т.), шағын кәсіпкерлік субъектілері-230 АЕК (638 940т.), орта кәсіпкерлік субъектілері-310 АЕК (861 180т.), ірі кәсіпкерлік объектілері-1600 АЕК (4 444 800т.).