Қызылжар ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының «Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар ауылы аумағына карантин белгілеу туралы» шешім жобасына
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Осы шешімді қабылдаудың мақсаты Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар ауылы аумағына карантин белгілеу болып табылады.
Шешім Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2020 жылғы 28 қазандағы № 2-19/652 ұсынысына сәйкес әзірленді және осыған байланысты Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар ауылы аумағына карантин белгіленеді.
Қызылжар ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының «Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар ауылы аумағына карантин белгілеу туралы» шешімінің жобасы https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=5272782 ашық нормативтік құқықтық актілер порталында орналастырылған.
Осы жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Қызылжар ауылдық
округі әкімінің м.а. М. Солтанов