Абайлаңыз, ашық терезе!

Ашық терезе сіздің балаңыз үшін қауіпті болуы мүмкін. Жазатайым оқиғалардың негізі себептері — ересек адамдардың балаларды қараусыз қалдыруы. Жыл сайын биіктіктен құлаудың салдарынан көптеген балалар жарақат алады.
Ақсу қаласының ТЖБ ескертеді:
-Кішкентай балаларды әрқашан қадағалаңыз;
-Москит торларына толық сенім артуға болмайды, олар құлаудан қорғауға арналмаған;
-Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат етпеңіз.
Балаларға қамқорлық жасаңыз! Біз үшін әрбір өмір маңызды!

Ақсу қаласының  ТЖБ

Дата публикации
31 марта 2025