Ақсу қаласы
Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі қорытындылары
1.1. Өнеркәсіп
2025 жылғы 1 ақпанға өнеркәсіп өндірісінің көлемі 59809,2 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 109,6% құрады (2024 ж. - 52154,9 млн. теңге, НКИ-112,8%).
- тау-кен өндіру өнеркәсібінің өндіріс көлемі - 22,3 млн. теңге, НКИ – 93,0% (2023 ж. – 6,6 млн. теңге, НКИ – 6384,6%);
- өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі - 50470,3 млн. теңге, НКИ-112,9% (2024 ж. – 43334,4 млн. теңге, НКИ – 113,7%);
- электрмен жабдықтау, бу беру және ауа баптау өндірісінің көлемі - 9202,5 млн. теңге, НКИ – 97,5% (2024 ж. – 8716,8 млн. теңге, НКИ-102,9%);
- сумен жабдықтау өндірісінің көлемі; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет – 114,1 млн.теңге, НКИ – 101,1% (2024 ж. – 97,1 млн. теңге, НКИ – 112,3%).
1.2. Ауыл шаруашылығы
2025 жылғы қаңтар ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 822,1 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 119,9% (2024 ж. – 694,2 млн. теңге, НКИ - 75,7%).
Өсімдік шаруашылығы - 55,0 млн. теңге, НКИ - 100,0%;
Мал шаруашылығы – 766,2 млн. теңге, НКИ - 121,1%.
Жер қоры
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ауданы 444,0 мың га құрайды, оның ішінде:
егістік – 82,0 мың га;
кен орны - 10,6 мың га;
жайылым – 312,9 мың га;
шабындық - 33,1 мың га.
Ақсу өңірінде 577 ауыл шаруашылығы құрылымдары бар.
Мал шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы жануарларының саны:
ІҚМ - 45 034 бас, 178,2% (2024 ж. - 25 272 бас);
жылқы - 20 775 бас, 92,7% (2023 ж. - 22 410 бас);
құстар – 39 891 бас, 136,1% (2023 ж. – 29 303 бас).
Тірі салмақтағы ет – 238,8 тонна (96,5%), сүт – 2070,8 тонна (149,2%), жұмыртқа - 70,6 мың дана (100,0%) құрады.
1.3. Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі 969,0 млн. теңгені құрады. НКИ – 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 195,5% (2024 ж. – 485,4 млн. теңге, НКИ-100,4%).
1.4. Тұрғын үйді енгізу
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 767,0 ш.м., НКИ – 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 113,3% (2024 ж. – 677,0 ш.м., НКИ – 117,9%).
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3008,2 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 40,0% (2024 жылдың ұқсас кезеңінде – 7379,9 млн.теңге, НКИ – 163,8%).
Негізгі капиталға инвестициялар көрсеткішінің төмендеуінің себебі қала құраушы кәсіпорындарда ірі жобалардың болмауы және жеке инвестициялық жобаларды қаржыландыру болып табылады.
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны тіркелген 3867 бірліктен 3591 бірлік (92,9%) немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 98,5% (3866 бірліктен 3646 жұмыс істейтін - 94,3%).
Бөлшек сауда көлемі 2517,2 млн. теңгені құрады, НКИ - 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 100,2% (2024 ж. – 2356,8 млн. теңге, НКИ – 100,3%).
Анықтама: Көтерме сауда көлемі - 355,3 млн. теңге, НКИ -42,3%. Себебі: Кәсіпорындар 2024 жылғы қаңтарға қарағанда аз көлемде (200-ден 500 млн.теңгеге дейін) сауда бойынша есептер тапсырғанына байланысты. Көлемдердің азаюына ШОБ субъектілерінің мемлекеттік сатып алулар бойынша жосықсыз өнім берушілер тізбесіне енгізілуі, бизнесті дамыту үшін қаржы қаражатының болмауы және салық аударымдары бойынша берешектің болуы да әсер етті.
5.1 Еңбек нарығы
Жалпы жұмыссыздық деңгейі – 4,8% құрайды, оның ішінде тұрақты жұмыссыздық деңгейі - 3,0%. 1381 жұмыссыз азамат тіркелген.
01.02.2025 жылға 12 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 1 адам, жастар практикасына - 0 адам жолданды, қоғамдық жұмыстарға 0 адам қатысты және т.б.
5.2. Еңбекақы төлемі
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 416 545 теңгені немесе 109,3% құрады (2024 жылғы қаңтар-желтоқсан ішіндегі стат. деректері).
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 97,2%, 2 жастан 6 жасқа дейін - 100%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100%.
Өңір бойынша барлығы 0-6 жастан бастап - 3993 бала, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейін - 2944 бала.
1-11 сынып оқушыларының контингенті 11180 құрайды. 5 мектепте оқыту (20%) қазақ тілінде, 19 (76%) қазақ және орыс тілдерінде, 1 (4%) орыс тілінде жүргізіледі.
25 мектепте 327 оқушыға мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған.
Ақсу өңірінің барлық мектептері компьютерлермен қамтамасыз етілген, олардың жалпы саны 3596 бірлікті құрайды, оқу процесінде – 3283 бірлік, бір компьютерге 3,0 адам келеді.
Қала бойынша қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттанушылық көрсеткішінің 18,7%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 2512,5) өсуі, қатерлі ісіктермен сырқаттанушылықтың 30,8%-ға (100,0 мың тұрғынға шаққанда 281,3) өсуі байқалады.
Сапалы орталық сумен қамтамасыз ету - 98,0%, электрмен жабдықтау - 100%, жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 115,0 км.
Аудандық маңызы бар күрделі жөндеуге 556,3 млн. теңге қарастырылған.
Аймақ бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы Ақсу өңірі бойынша аудандық маңызы бар 671,3 км құрайды (оның ішінде республикалық маңызы бар - 182 км; облыстық маңызы бар - 61 км; аудандық маңызы бар – 134,4 км; қала көшелері 80,9 км, ауылдық елді мекендердің кентішілік көшелері - 213 км).
Павлодар облысының Ақсу қаласында (Ақсу кенті, №3,5,8 ш/а) орамішілік жылу желілерін қайта жаңарту бойынша жобаны аяқтауға 522,7 млн.теңге қарастырылған.
Жылу желілерінің тозуы – 62,8%, электр желілерінің тозуы - 69%, су құбыры желілерінің тозуы – 60% құрайды.
Қала көшелерінің қанағаттанарлық және жақсы жағдайдағы үлесі 70,3% құрады.
6 ауылдық округте 11 учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді, оның 11 қызметтік автокөлік бар.
1 қоғамдық құрылым жұмыс істейді, онда 38 қоғамдық полиция көмекшісі бар.
2025 жылғы қаңтар-ақпан ішінде 25 қылмыс тіркелді (2024 ж. - 29).
2025 жылғы қаңтар-ақпан ішінде ЖКО оқиғасы тіркелген жоқ (2024 ж. - 2).
Бюджеттің орындалуы (қала+ЖӨБ) 2025 жылғы 1 ақпанға Ақсу қаласының бюджеті.
Кірістер. Бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуы 112,9%-ға орындалды немесе барлығы 827,7 млн. теңге түсті жоспар барысында 733,4 млн.теңге (1-3 санат). Асыра орындау сомасы 94,3 млн. теңге.
Анықтама:
1-санат «Салық түсімдері» - 64,0 млн теңге;
2-санат «Салықтық емес түсімдер» – 3,8 млн.теңге;
3-санат «Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер» – 20,3 млн теңге.
Шығындар. Есепті кезең жоспары 213,0 млн.теңге, кассалық шығыс 211,4 млн.теңгеге жүргізілді немесе игерілу 99,2% құрады, қалдық 1,6 млн. теңге сомасында қалыптасты. Қалдық объективті себептер бойынша туындады (демалыс кестесін өзгерту 0,7; бос жұмыс орнын құруға байланысты үнемдеу 0,7 мың теңге; өзге де үнемдеу 0,2 мың теңге).
Азаматтардың өтініштерін қарау.
|
Жазбаша өтініштер |
Ауызша өтініштер |
Оң шешілді |
Ватсап АҚ-қа өтініштер |
Ватсап АҚ да оң шешім қабылданды |
|
131 |
29 |
109 |
10 |
Аудан бойынша бос орындар саны - 19 бірлік (мамандар).