Павлодар облысы Ақсу қаласы Қалқаман ауылдық округінің әкіміне
кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
2025 жылғы 21 қаңтарда сағат 18.00-де Ақсу қаласы Қалқаман ауылдық
округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Қалқаман ауылдық округі бойынша барлығы 5 кандидат, оның ішінде 1 (20 %) –
саяси партиясымен ұсынылды, 4 (80%) - өзін-өзі ұсынды.
Орташа бәсекелестік - 5 адам.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және
оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2025 жылғы 26 қаңтарда сағат
18.00-де аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы
Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу
қорытындысы туралы ақпарат ресми БАҚ жарияланады.
Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы