Ақсу өңірінің 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары

Ақсу қаласы

Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі қорытындылары

  1. Экономиканың нақты секторы

1.1. Өнеркәсіп

2024 жылғы 1 қаңтарға өнеркәсіп өндірісінің көлемі 721739,8 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 115,6% құрады (2023 ж. - 673138,5 млн. теңге, НКИ-100,8%).

 - тау-кен өндіру өнеркәсібінің өндіріс көлемі - 7555,6 млн. теңге, НКИ – 90,5% (2023 ж. – 10131,5 млн. теңге, НКИ – 80,7%);

- өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі - 630498,1 млн. теңге, НКИ-119,6% (2023 ж. – 579228,6 млн. теңге, НКИ – 101,4%);

- электрмен жабдықтау, бу беру және ауа баптау өндірісінің көлемі - 82239,4 млн. теңге, НКИ – 97,3% (2023 ж. – 82257,4 млн. теңге, НКИ-99,5%);

- сумен жабдықтау өндірісінің көлемі; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет – 1446,8 млн.теңге, НКИ – 93,5% (2023 ж. – 1520,9 млн. теңге, НКИ – 102,5%).

1.2. Ауыл шаруашылығы

2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 41667,9 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі-2023 жылдың сәйкес кезеңіне 107,8% (2023 ж. – 42632,5 млн. теңге, НКИ - 106,3%).

Өсімдік шаруашылығы - 26341,2 млн. теңге, НКИ - 117,4%;

Мал шаруашылығы – 15306,8 млн. теңге, НКИ - 94,1%.

        Жер қоры

         Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ауданы 444,0 мың га құрайды, оның ішінде:

         егістік – 82,0 мың га;

         кен орны - 10,6 мың га;

         жайылым – 312,9 мың га;

         шабындық - 33,1 мың га.

         Ақсу өңірінде 637 ауыл шаруашылығы құрылымдары бар.

        Мал шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы жануарларының саны:

ІҚМ - 36 855 бас, 132,8% (2023 ж. - 27 757 бас);

жылқы - 20 099 бас, 126,3% (2023 ж. - 15 912 бас);

құстар – 30 444 бас, 101,2% (2023 ж. – 30 074 бас).

Тірі салмақтағы ет – 7744,3 тонна (91,5%), сүт – 25664,8 тонна (105,9%), жұмыртқа - 1432,1 мың дана (92,6%) құрады.

1.3. Құрылыс

         Құрылыс жұмыстарының көлемі 43278,0 млн. теңгені құрады. НКИ – 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 103,7% (2023 ж. – 37275,1 млн. теңге, НКИ-101,5%).

1.4. Тұрғын үйді енгізу

         Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 85103,0 ш.м., НКИ – 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 137,0% (2023 ж. – 62107,0 ш. м., НКИ – 100,3%).

         2025 жылдың қаңтар айында 1000,0 шаршы метр тұрғын үйді (147,7%) енгізу жоспарлануда.

  1. нвестиция

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 164626,7 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 120,5% (2023 жылдың ұқсас кезеңінде – 141759,2 млн.теңге, НКИ – 160,6%).

  1. Шағын және орта кәсіпкерлік

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны тіркелген 3869 бірліктен 3603 бірлік (93,1%) немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 99,4% (3875 бірліктен 3623 жұмыс істейтін - 93,5%).

  1. Сауда

Бөлшек сауда көлемі 46163,5 млн. теңгені құрады, НКИ - 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 112,1% (2023 ж. – 39041,3 млн. теңге, НКИ – 100,8%).

Анықтама: Көтерме сауда көлемі - 18332,7 млн. теңге, НКИ -112,5%.

  1. Әлеуметтік сала

5.1 Еңбек нарығы

Жалпы жұмыссыздық деңгейі – 4,8% құрайды, оның ішінде тұрақты жұмыссыздық деңгейі - 3,0%. 865 жұмыссыз азамат тіркелген.

01.01.2025 жылға 2019 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 206 адам, жастар практикасына - 191 адам жолданды, қоғамдық жұмыстарға 270 адам қатысты және т.б.

5.2. Еңбекақы төлемі

Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 396 275 теңгені немесе 2023 жылға 111,6% құрады (2024 жылғы қаңтар-қыркүйек ішіндегі стат. деректері).

  1. Білім

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 97,2%, 2 жастан 6 жасқа дейін - 100%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100%.

Өңір бойынша барлығы 0-6 жастан бастап - 3993 бала, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейін - 2944 бала.

1-11 сынып оқушыларының контингенті 11180 құрайды. 5 мектепте оқыту (20%) қазақ тілінде, 19 (76%) қазақ және орыс тілдерінде, 1 (4%) орыс тілінде жүргізіледі.

25 мектепте 327 оқушыға мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған.

Ақсу өңірінің барлық мектептері компьютерлермен қамтамасыз етілген, олардың жалпы саны 3596 бірлікті құрайды, оқу процесінде – 3283 бірлік, бір компьютерге 3,0 адам келеді.

  1. Денсаулық сақтау

Қала бойынша қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттанушылық көрсеткішінің 18,7%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 2512,5) өсуі, туберкулезбен сырқаттанушылықтың 41,7%-ға (100,0 мың тұрғынға шаққанда 19,3) төмендеуі, қатерлі ісіктермен сырқаттанушылықтың 6,4%-ға (100,0 мың тұрғынға шаққанда 282,7) төмендеуі байқалады.

  1. Инфрақұрылым және ТҮКШ

Сапалы орталық сумен қамтамасыз ету - 97,0%, электрмен жабдықтау - 100%, жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 115,0 км.

Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуды іске асыруға бюджеттен 856,7 млн. теңге көзделген.

Қала көшелерін қайта жаңалауға және аудандық маңызы бар күрделі жөндеуге 2356,5 млн. теңге қарастырылған

Ақсу өңірі бойынша кентішілік және аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 688,6 км (оның ішінде Республикалық маңызы бар - 182 км; облыстық маңызы бар - 61 км; аудандық маңызы бар – 134,4 км; кентаралық және көше жолдары – 311,2 км).

Жылу желілерінің тозуы – 62,8%, электр желілерінің тозуы - 69%, су құбыры желілерінің тозуы – 60% құрайды.

Қала жолдарының (көшелерінің) қанағаттанарлық және жақсы жағдайдағы үлесі 72,9% құрады.

  1. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

6 ауылдық округте 11 учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді, оның 11 қызметтік автокөлік бар.

1 қоғамдық құрылым жұмыс істейді, онда 38 қоғамдық полиция көмекшісі бар.

2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда 431 қылмыс тіркелді (2023 ж. - 377).

2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда 17 ЖКО оқиғасы тіркелді (2023 ж. - 15).

Бюджеттің орындалуы (қала+ЖБ) 2024 жылға арналған Ақсу қаласының бюджеті 27 467,0 млн. теңгені құрады.

Кірістер. 2024 жылдың қорытындысы бойынша бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуы 97,8%-ға орындалды немесе барлығы 26 858,8 млн.теңге түсті, оның ішінде меншікті кірістер (1-3 санат) 96,7%-ға немесе жоспар 14 146,6 млн. теңге болған кезде 13 684,2 млн. теңге сомасында орындалды.  Орындалмаған сома 608,2 млн. теңге.

Анықтама:

1-3 санат «Меншікті кірістер» - 462,4 млн теңге (507,7 млн теңге – азаматтарға пәтер сатудан түсетін түсімдер, Дөнентаев 44,46; 258,0 млн теңге - КТС);

5 санат «Бюджеттік кредиттерді өтеу» – 145,8 млн теңге (мамандандырылған Ұйымдар).

        Шығындар. Игеру 97,6% құрады немесе кассалық шығыс 26 807,1 млн.теңгеге жүргізілді, қалдық 659,9 млн. теңге сомасында қалыптасты, оның ішінде объективті себептер бойынша 18,5 млн. теңге, субъективті себептер бойынша 641,4 млн. теңге, төлемге растайтын құжаттардың болмауына байланысты.     

Анықтама:

            Алғабас ауылында МСО салу - 303,1 млн. теңге (РБ), мердігер «Промжилстройкомплекс» ЖШС;

            Ақсу қаласының магистральдық су құбыры желілерін қайта жаңарту (5 учаске) – 97,6 млн. теңге (ОБ), мердігер «ДАНиЕР» ЖШС;

            Қаладағы шағын аудандарды сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту - 79,4 млн. теңге (ҰҚ), мердігер «QazConstructions» ЖШС;

            Қалада мұз аренасын салу – 50,0 млн. теңге (ОБ), мердігер «АСТ технологиясы» ЖШС;

            Достық а/о - 26,2, Айнкөл мед. пунктеріне -23,0 млн. теңге (ЖБ) ИКИ мердігер «ДМ» ЖШС;

            Евгеньевка а/о Үштерек ауылында ДСК салу - 33,1 млн. теңге (РБ), мердігер «Промжилстройкомплекс» ЖШС;

            Су құбырының магистральдық желілерін қайта жаңарту - 7,1 млн. теңге (ҰҚ), мердігер «Ақмешіт Мелиратор» ЖШС;

            ЖСҚ әзірлеу: «Қаланың шағын аудандарын сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту»-1,5 млн.теңге; «Қаладағы Дөнентаев көшесі бойынша диаметрі 500 мм коллекторды қайта жаңалау»-0,5 млн. теңге.

            Тұрғын үйді сатып алу 15,7 млн. теңге (ОБ қарыздары).

            Қаланың көше жарығы - 0,5 млн. теңге (ЖБ);

            Пәтерлерді жөндеу - 1,8 млн. теңге (ЖБ);

            Санитария, ағаштарды кесу - 2,1 млн. теңге (ЖБ).

Азаматтардың өтініштерін қарау.

Жазбаша өтініштер

Ауызша өтініштер

Оң шешілді

Ватсап АҚ-қа өтініштер

Ватсап АҚ да оң шешім қабылданды

1626

650

419

78

68

 

Аудан бойынша бос орындар саны - 19 бірлік (мамандар).

Ақсу өңірінің 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Дата публикации
20 января 2025