«Ақсу қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 5 шілдедегі «Ақсу қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» № 580/7 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақсу қаласы әкімдігінің қаулы жобасына баспасөз-релизі

«Ақсу қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Ақсу қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 5 шілдедегі «Ақсу қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» № 580/7 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақсу қаласы әкімдігінің қаулы жобасы әзірленді (бұдан әрі - қаулы жобасы).

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу Әдістемесін бекіту туралы» № 306 бұйрығына сәйкес әзірленді.

Қаулы жобасын жүзеге асыру жергілікті бюджеттен қаржылай шығымды қажет етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

Қаулы жобасы «Электрондық Үкімет» порталындағы ашық НҚА бөлімінде орналасқан.

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15398503

Дата публикации
14 января 2025