Ақсу өңірінің 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары

Ақсу қаласы

Әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі қорытындылары

  1. Экономиканың нақты секторы

        1.1 Өнеркәсіп

        2024 жылғы 1 қазанға өнеркәсіп өндірісінің көлемі 533314,2 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2023 жылдың ұқсас кезеңіне 117,2% (2023 ж. – 479184,1 млн.теңге, НКИ - 99,6%).

        - тау-кен өнеркәсібі өндірісінің көлемі – 5930,0 млн. теңге, НКИ - 86,6% (2023 ж. – 8386,8 млн. теңге, НКИ – 81,5%);

        – өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі - 465062,3 млн. теңге, НКИ - 122,0% (2023 ж.  – 410 963,3 млн. теңге, НКИ – 99,9%);

         - электрмен жабдықтау, бу беру және ауа баптау көлемі 61252,0 млн.теңге, НКИ - 96,9% (2023 ж. – 58 709,1 млн. теңге, НКИ – 100,6%).

         - сумен жабдықтау өндірісінің көлемі; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет – 1069,8 млн. теңге, НКИ – 94,7% (2023 ж.  – 1125,0 млн. теңге, НКИ - 99,0%).

        1.2. Ауыл шаруашылығы

        2024 жылғы қаңтар-қыркүйек ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 33506,3 млн.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2023 жылдың ұқсас кезеңіне 115,5% (2023 ж.  – 32015,6 млн. теңге, НКИ – 102,5%).

         Өсімдік шаруашылығы – 21650,4 млн. теңге, НКИ – 124,2%;

         Мал шаруашылығы – 11829,3 млн. теңге, НКИ – 101,9%.

        Жер қоры

        Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ауданы 442,2 мың га құрайды, оның ішінде:

        егістік – 81,4 мың га;

        кен орны - 10,6 мың га;

        жайылым – 311,9 мың га;

        шабындық - 33,1 мың га.

        Ақсу өңірінде 637 ауыл шаруашылығы құрылымдары бар.

        Мал шаруашылығы

        Ауыл шаруашылығы жануарларының саны:

        ІҚМ – 40135 бас, 146,5% (2023ж. - 27 388 бас);

         жылқылар - 22 617 бас, 105,8% (2023 ж. - 21 370 бас);

         құстар - 30 944 бас, 100,8% (2023 ж. - 30 688 бас) құрады.

         Тірі салмақтағы ет – 5587,4 тонна (105,8%), сүт – 19878,3 тонна (102,4%), жұмыртқа - 1147,8 мың дана (90,9%) өндірілді.

        1.3. Құрылыс

        Құрылыс жұмыстарының көлемі 33068,0 млн. теңгені құрады. НКИ – 2023 жылдың ұқсас кезеңіне 113,7% (2023 ж.  – – 26253,2 млн. теңге, НКИ – 137,3%).

        1.4 Тұрғын үйді енгізу

        Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 32194,0 ш.м., НКИ – 2023 жылғы ұқсас кезеңіне 151,3% (2023 ж. – 21283,0 ш.м., НКИ – 108,7%).

  1. Инвестициялар

        Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 96527,2 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 132,4% (2023 жылдың ұқсас кезеңіне – 81041,0 млн. теңге, НКИ – 171,7%)

  1. Шағын және орта кәсіпкерлік

        Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны тіркелген 3985 бірліктен 3738 бірлік (93,8%) немесе 2023 жылғы ұқсас кезеңіне 101,5% (3976 бірліктен жұмыс істейтін 3684 – 92,7%). 

  1. Сауда

        Бөлшек сауда көлемі 30367,1 млн.теңгені құрады, НКИ – 2023 жылғы ұқсас кезеңіне 107,9% (2023 ж. – 26688,5 млн. теңге, НКИ - 100,1%).

         Анықтама: Көтерме сауда көлемі - 11456,2 млн. теңге, НКИ-126,0%.

  1. Әлеуметтік сала

        5.1 Еңбек нарығы

        Жалпы жұмыссыздық деңгейі – 4,8% құрайды, соның ішінде бекітілген жұмыссыздық деңгейі 3,0%. 1491 жұмыссыз азамат тіркелген.

        2024 жылғы 1 қазанға 1609 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 205 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 166 адам жастар практикасына жіберілді, қоғамдық жұмыстарға 270 жұмыссыз азамат қатысты.

        5.2 Еңбекақы

        Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 398 155 теңгені немесе 2023 жылға 111,6% құрады (2024 жылғы қаңтар-маусым ішінде статистикалық деректер).

  1. 6. Білім беру

        1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 97,2%, 2 жастан 6 жасқа дейін - 100%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100%.

        Өңір бойынша барлығы 0-6 жастан бастап - 3993 бала, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейін - 2944 бала.

        1-11 сынып оқушыларының контингенті 11202 құрайды. 5 мектепте оқыту (20%) қазақ тілінде, 19 (76%) қазақ және орыс тілдерінде, 1 (4%) орыс тілінде жүргізіледі.

        25 мектепте 327 оқушыға мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған.

        Ақсу өңірінің барлық мектептері компьютерлермен қамтамасыз етілген, олардың жалпы саны 3596 бірлікті құрайды, оқу процесінде – 3283 бірлік, бір компьютерге 3,0 адам келеді.

  1. Денсаулық сақтау

        Қала бойынша қан айналымы жүйесі ауруларының 4,8% - ға (100 мың тұрғынға шаққанда 2434,4) өсуі, туберкулезбен сырқаттанушылықтың 40,2% - ға (100,0 мың тұрғынға шаққанда 16,5) төмендеуі, қатерлі ісіктермен сырқаттанушылықтың 8,0% - ға (100,0 мың тұрғынға шаққанда 274,0) төмендеуі байқалады.

  1. Инфрақұрылым және ТҮКШ

Сапалы орталық сумен қамтамасыз ету - 97,0%, электрмен жабдықтау - 100%, жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 115,0 км.

Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуды іске асыруға бюджеттен 1018,2 млн. теңге көзделген.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ұстауға және орташа жөндеуге 475,8 млн.теңге қарастырылған.

Ақсу өңірі бойынша кентішілік және аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 663,5 км (оның ішінде республикалық маңызы бар - 182 км; облыстық маңызы бар - 61 км; аудандық маңызы бар – 134,4 км; кентаралық және көше жолдары – 293,0 км).

Жылу желілерінің тозуы – 50,2%, электр желілерінің тозуы - 70%, су құбыры желілерінің тозуы – 60,2% құрайды.

Жолдардың қанағаттанарлық және жақсы жағдайдағы үлесі 95,6% құрады.

  1. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

        6 ауылдық округте 11 учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді, оның 11 қызметтік автокөлік бар.

        1 қоғамдық құрылым жұмыс істейді, онда 38 қоғамдық полиция көмекшісі бар.

        2024 жылғы қаңтар-тамыз ішінде 346 қылмыс тіркелді (2023 ж. - 313).

2024 жылғы қаңтар-тамыз ішінде 10 ЖКО жағдайы тіркелді (2023 ж. - 9).

        Бюджеттің орындалуы

        2024 жылғы 1 қазанға игеру пайызы 98,0% немесе игерілген 17506,9 млн. теңге жоспар бойынша 17856,2 млн.теңге, игерілмеген бюджет қаражатының қалдығы 349,3 млн. теңге.

        Анықтама.

         Қаланың шағын аудандарын сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту 135,6 млн. теңге - ҰҚ орындалған жұмыстар актілерінің болмауына байланысты);

         Қаладағы су құбырының магистральдық желілерін қайта жаңарту ҰҚ 28,5 млн. теңге, Строителей көшесі №43/1, 43/2, 45/1, 45/2 бойынша үйлерге КҚТҮ ИКИ жобаларына өзгеріс енгізу жоспарлануда (бөлімдер: НВК, НСС, КО және абаттандыру-143452,0 мың теңге, ЭС-24922,0 мың теңге), себебі №43/1, 43/2 үйлерін КҚТҮ  салуға қаражат а. ж. бөлінбеді.

 

        Азаматтардың өтініштерін қарау.

 

Жазбаша өтініштер

Ауызша өтініштер

Оң шешілді

Ватсап АҚ-қа өтініштер

Ватсап АҚ-қа оң шешілді

1145

2512

707

   

 

        Аудан бойынша бос орындар саны - 20 бірлік (мамандар).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақсу өңірінің 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Дата публикации
18 октября 2024