Ақсу қалалық мәслихатының «Ақсу қаласында бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешім жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Ақсу қалалық мәслихатының

«Ақсу қаласында бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешім жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

№ р/р

Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік

органның ақпараты

1

Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

«Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

2

Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі)

3

Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Қажет етілмейді

4

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.

Шешім жобасын қабылдау кері әлеуметтік және/немесе экономикалық зардаптарға әкеп соқтырмайды

5

Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.

 

АСР мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға төмендету (жұмыскерлер саны 200 адамнан аспайтын, табысы 600 мың АЕК-тен аспайтын, осы режимді қолдану мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 мамырдағы №393 қаулысымен айқындалған қызметтің бір немесе бірнеше түрін ғана жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін) бизнес - ахуалды жақсартуға, салық жүктемесін төмендетуге, бизнесті заңдастыруға және кәсіпкерлік сектордың іскерлік белсенділігін арттыруға ықпал ететін болады

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.

 

Ақсу қалалық мәслихатының                           2024 жылғы 23 ақпандағы «Ақсу қаласында бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» № 111/16 шешімі 

7

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

 

Қажет етілмейді

8

Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны).

 

2024 жылғы 16 қазанда «Ашық НҚА» интернет-порталында жарияланды.

9

Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат.

2024 жылғы 16 қазанда Ақсу қаласы әкімдігінің сайтында орналастырылды

10

Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

Қажет етілмейді

11

Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

 

Жоқ  

 

 

Ақсу қаласы

кәсіпкерлік және туризм

бөлімінің басшысы                                                             М. Дуйсембекова 

Ақсу қалалық мәслихатының «Ақсу қаласында бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешім жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Дата публикации
16 октября 2024