Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары!

2024 жылғы 6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша республикалық референдум өтеді.

 

Сайлаушылар тізімдерін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелімі негізінде жасайтынын Сізге хабарлаймыз. Тұрақты тіркелімі жоқ азаматтар дауыс беру күніне дейін бір айдан кешіктірмей немесе 2024 жылғы 6 қыркүйекте Ақсі қаласы әкімдігіне өтініш беруі қажет.

 

Осы құқықты мына азаматтар пайдалана алады:

- дауыс беру күні тіркелген жерінде болмайтынын білетін азаматтар;

 

- жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитын, жатақханадан тыс тұратын, басқа қаладан келген студенттер;

 

- вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар.

 

Сайлаушылар тізіміндегі өз деректеріңізді 5-08-76 нөмірі бойынша Ақсу қаласы әкімдігінің Call-орталығына қоңырау шалу арқылы немесе 8 775 489 69 61 WhatsApp нөміріне хабарлама жіберу арқылы тексере аласыз.

Call-орталықтың жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма күндері                 сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00-14.30), сенбі күні                                   сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін.

 

Сіздерді, белсенді азаматтық ұстанымды танытып, референдумға қатысуға шақырамыз!

Дата публикации
03 сентября 2024