Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің тіркелуі туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14, 45-бабының 9-тармағына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес Ақсу қаласы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 17 маусымдағы қаулысымен 2024 жылғы 16 маусымда сайланған Амангелді Жексенбайұлы Рүстемов Павлодар облысы Ақсу қаласының Қанаш Қамзин ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы