2024 жылғы 16 маусымда өткен Павлодар облысы Ақсу қаласының Қанаш Қамзин ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2024 жылғы 16 маусымда Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 2458 азамат енгізілді. Дауыс беруге 1268 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 33 адам қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3

Павлодар облысы Ақсу қаласының Қанаш Қамзин ауылдық округінің әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Камзина Самал Жасулановна үшін сайлаушылардың 103 дауысы берілді,

Оразбаев Нурбол Каниевич үшін сайлаушылардың 106 дауысы берілді,

Рустемов Амангельды Жексенбаевич үшін сайлаушылардың 1022 дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 22

Сайлау қорытындысы бойынша Павлодар облысы Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округінің әкімі  болып сайланды:

Рустемов Амангельды Жексенбаевич, 1989 жылы туған, Павлодар облысы, Ақсу қаласының Қанаш Қамзин ауылдық округінің әкімі, Алғабас ауылында тұрады.

 

 

 

Ақсу қалалық аумақтық

сайлау комиссиясы

Дата публикации
18 июня 2024