«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Ақсу қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 31.05.2024 - 06.06.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 07.06.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
12.06.2024
Сұхбат: 18.06.2024- 20.06.2024
Анықтама телефоны: 66577
E-R-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
“Ақсу қаласының құрылыс бөлімі” мемлекеттік мекемесі жоспарлау және
мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі, E-R-3 (Лауазым мәртебесі:
Бос)
Функционалдық міндеттері:
Объектілерді салу (қайта жаңарту) барысын ұйымдастыру, жүргізу және
бақылау, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы. Мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік сатып алу процесін бақылау,
мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бюджет қаражатының тиімді
жұмсалуы. Тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды мемлекеттік сатып алу
туралы шарттарды дайындау және жасасу. Шарттық міндеттемелердің
орындалуын бақылау, жеткізушілермен және мердігерлермен хат алмасуды
жүргізу, талап-арыз жұмыстарын жүргізу, сотта бөлімнің мүддесін білдіру.
Бөлімнің мемлекеттік сатып алу туралы есебін, бюджет қаражатының
жұмсалуы туралы есептерді және инвестициялық жобалар бойынша бюджеттік
өтінімдерді жасау. Облыста іске асыру жоспарланған жобалық-сметалық
құжаттаманың тізбесін әзірлеу. Бөлімнің қаржылық қызметіне қатысты
азаматтардың жазбаша өтініштеріне, ұйымдардың жазбаша өтініштеріне
уақтылы және сапалы бақылау ақпаратын және жауаптарын дайындау
бойынша сектор жұмысын ұйымдастыру. Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімімен өзара іс-қимыл жасау, алдағы жылға бюджеттік өтінімді
дайындау, қаржыландыру жоспарларын ұсыну және әзірлеу, бюджетті
нақтылау үшін инвестициялық жобаларды дайындау және жобалардың іске
асырылуын бақылау. Заңмен белгіленген тәртіпте пайдалануға берілген
объектілерді қабылдау және тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру. Басқарманың
құзыретіне жататын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша
сұрақтарды қарау.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі
білім, кәсіби білім: менеджмент, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және
құрастырылымдарын өндіру, құрылыс, әлемдік экономика, инженерлік
жүйелер мен желілер, мемлекеттік аудит, геодезия және картография,
экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару,
стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), мемлекеттік
басқару, сәулет, техникалық машиналар және жабдықтар(сала бойынша),
өңірлік даму
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі
немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық,
жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану,
адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім
қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес
салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
30 мая 2024