Ақсу қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

                Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу Әдістемесін бекіту туралы» № 306 бұйрығына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы «Ақсу

қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы» № 822/32 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5786 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

  1. Ақсу қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді

пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес белгіленсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары
    Р.И.Тлявкаевқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ақсу қаласының әкімі                                             Н. Дүйсенбинов

Қосымша 1

Қосымша 2

 

Дата публикации
23 мая 2024