Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17.05.2024 - 23.05.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 24.05.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
29.05.2024
Сұхбат: 03.06.2024- 05.06.2024
Анықтама телефоны: 66577
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақсу қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы, E-R-4
(Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Кондоминиум объектісінде және кондоминиум объектісіне қатысты
аумақта үй-жай (пәтер) иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп-ұстау, пайдалану
және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйін жөндеу
тәртібінің сақталуы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; тұрғын үйді
(тұрғын ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды
ұйымдастырады. жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша
мәселелерді қарау.Өзге де тапсырмаларды жүзеге асырады.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі
білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: құрылыс материалдарын,
бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, автоматтандыру және басқару,
құрылыс, материалтану және жаңа материалдар технологиясы, жылу
энергетикасы, технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша),
стандарттау және сертификаттау, инженерлік жүйелер мен желілер, құқық,
электр энергетикасы, сәулет
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі
немесе техникалық және кәсіптік білім;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады