«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Ақсу қаласы әкімінің аппараты

Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17.05.2024 - 23.05.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 24.05.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
29.05.2024
Сұхбат: 03.06.2024- 05.06.2024
Анықтама телефоны: 66577
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
“Ақсу қаласының құрылыс бөлімі” мемлекеттік мекемесі жоспарлау және
мемлекеттік сатып алу секторының бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі:
Бос)
Функционалдық міндеттері:
Облыстағы құрылыс бойынша ақпарат дайындау. Бөлім құзыретіне кіретін
мәселелер бойынша өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу. Облыста іске
асыру жоспарланған жобалық-сметалық құжаттаманың әзірленуін қамтамасыз
ету. Жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін
уақытылы қарауды, «Е-Өтініш» жүйесінде жұмысты жүзеге асыру. Жобалықсметалық құжаттаманы әзірлеу үшін техникалық құжаттаманы және бастапқы
мәліметтерді дайындау. Жоспарлы құрылысқа, реконструкциялауға
құжаттаманы дайындау, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар арқылы
құжаттарды тапсыру және қабылдау. Инвестициялық жобалар бойынша
объектілердің және орындалған жұмыстардың сапасына мониторинг жүргізу.
Пайдалануға берілген объектілерді қабылдау және тіркеу үшін құжаттаманы
дайындау. Жылумен, сумен, электрмен және ағынды сумен жабдықтау
жүйелерінің ЖСҚ әзірленуін бақылау. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер
бойынша жеке және заңды тұлғалармен хат алмасу.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі
білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: менеджмент, құрылыс
материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, құрылыс,
әлемдік экономика, инженерлік жүйелер мен желілер, мемлекеттік аудит,
геодезия және картография, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік
және жергілікті басқару, стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар
бойынша), мемлекеттік басқару, сәулет, техникалық машиналар және
жабдықтар(сала бойынша), өңірлік даму
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі
немесе техникалық және кәсіптік білім;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Ақсу қаласы әкімінің аппараты
Дата публикации
16 мая 2024