«Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» Ақсу қалалық мәслихаты шешімінің жобасына
ПРЕСС-РЕЛИЗ
«Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Ақсу қалалық мәслихатының «Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» шешім жобасын , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына , 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірледі.
Осы нормативтік құқықтық актінің жобасы актіні қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруді көздейді. Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Шешім жобасы "Электрондық үкіметтің" интернет - порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=4575250
Қызылжар ауылдық
округі әкімінің м.а. А.Мадкенова
ЖОБА
Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ақсу қалалық мәслихатының
хатшысы М. Омарғалиев