Ақсу қаласы 2024 жылғы 31 қаңтар
өткізу уақыты: сағат 11:00
Төрағалық етті:
«Ақсу қаласының қаржы бөлімі» ММ (бұдан әрі–бөлім) басшысы – Е.Т.Сагынтаев
Хатшы: бас маман - А.А. Мукашева
Қатысқандар: бөлім мамандары, көрсетілетін қызметті алушылар, мүдделі жеке және заңды тұлғалар
Күн тәртібі:
«Ақсу қаласының қаржы бөлімі» ММ 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есепті жария талқылау.
Жиналыс төрағасы:
«Ақсу қаласының қаржы бөлімі» ММ 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті жария талқылау мәселесі қарастыруға шығарылады.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» № 88-V Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органдары жылына кемінде бір рет мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы жария есептерді жүргізу көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз ету деп танылды.
Күн тәртібі мәселесі бойынша коммуналдық меншік секторының бас маманы А.А.Муқашева сөз сөйледі, ол қатысушыларды есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпаратпен таныстырды.
Бөлім мемлекеттік қызметтердің келесі түрлерін көрсетеді:
Аталған мемлекеттік қызметтер «Е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы көрсетіледі. Қызмет көрсету нысаны – электрондық.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.е-gov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (тұрғын үйге кезекке қою мемлекеттік қызметі үшін «kezekte.kz»ақпараттық платформасы арқылы, тұрғын үйді жекешелендіру бойынша – «Мемлекеттік мүлік тізілімі» (МемТізілім) веб-порталының e-qazyna.kz цифрлық платформасы арқылы).
Көрсетілген қызметтерді алу үшін өтініш берушіге электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) болуы қажет, барлық қажетті мәліметтер электрондық үкімет шлюзі арқылы республикалық дерекқорлардан интеграцияланады.
Стандарттарда мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдері орнатылған.
Талданып отырған кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол берілмеді.
2023 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 415 құрады, оның ішінде:
- «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» –390 қызмет көрсетілді, оның ішінде (мақұлданды-326, есепке қоюдан бас тартылды- 64),
-« Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» - 25.
Есепті кезеңде бөлім мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзуға жол бермеді.
Есепті кезеңде көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Жария талқылау соңында бөлім басшысы қатысушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен сапасын арттыруға қатысты бар мәселелер мен ұсыныстар туралы сұрақпен жүгінді.
Көрсетілетін қызметті алушылар мен мүдделі тұлғалардан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сұрақтар мен ұсыныстар түскен жоқ.
Жиналыс төрағасы:
Қоғамдық талқылауды қорытындылау ұсынылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру есептерін жария талқылау қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды:
Төрағалық етуші: Е. Сагынтаев
Хатшы А. Мукашева