«БЕЙБІТ ЖИНАЛЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ҮШІН АРНАЙЫ ОРЫНДАР ЖӘНЕ ПИКЕТТЕУДІ ӨТКІЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ІРГЕЛЕС АУМАҚТАРДЫҢ ШЕКАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ» АҚСУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМ ЖОБАСЫНА БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

АРНАЙЫ ОРЫНДАРДЫ БЕЛГІЛЕУ ЖӘНЕ АҚСУ ҚАЛАСЫНДА

БЕЙБІТ ЖИНАЛЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӨТКІЗУ ҮШІН

АРНАЙЫ ОРЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ

ЖОБАСЫНА БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Бұл шешім жобасы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 және 9-баптарына, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес әзірленді.

Осы Шешімді қабылдаудың мақсаты бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді реттеу болып табылады.

Бұл жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларды қамтымайды. Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында нормативтік құқықтық актілер бөлімінде 2020 жылғы 10 тамызда орналастырылды https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=4577025

 


Жоба

 

Арнайы орындарды белгілеу және Ақсу қаласында

бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу үшін

арнайы орындарды пайдалану тәртібі туралы

 

 

 Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты                 ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақсу қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, сонымен қатар пикиттеуді өткізуге рұқсат етілмейтін объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары, осы шешімнің қосымшасына сәйкес, белгіленсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың Әлеуметтік және жастар саясаты, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Ақсу қалалық

мәслихатының хатшысы

 

М.Омаргалиев


Шешім қосымшасы

 

Ақсу қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, сондай-ақ пикет өткізуге рұқсат етілмейтін объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары

 

  1. Ақсу қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге арналған арнайы орындар Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленген бейбіт, қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттеуді өткізу құқығын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
  2. Ақсу қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандырылған және олардың шекті толу нормалары:

 

№

р/н

Арнайы орындар

 

Материалдық-техникалық жабдықтау

Мыналар бар:

Шекті толу нормалары

 

1.                1.

Абай-Калинин Абай-Ертіс көшелерінің қиылысы арасындағы Абай көшесіндегі тұрақ

 

- жасанды жарықтандыру;

- бейнебақылау және бейнетіркеу камералары;

- 20 тұрақ орны (2 кіру, 2 шығу).

200 адамнан артық емес

2.                2.

Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорттық-сауықтыру кешенінің спорт залы

- жасанды жарықтандыру;

- бейнебақылау және бейнетіркеу камералары;

- 500 орындық

500 адамнан артық емес

3.                3.

Абай көшесімен Абай-Калинин көшелерінің қиылысынан Абай-Ертіс көшелерінің қиылысына дейін. Маршруттың ұзындығы - 0,5 километр.

 

(шеру мен демонстрацияға арналған маршрут)

- көше бойында көше жарығы бар;

- бейнебақылау және бейнетіркеу камералары.

300 адамнан артық емес

  1. Ақсу қаласы әкімдігінің өкілі хабарламаны (пикеттеу, жиналыс, митинг түрінде бейбіт жиналыстар өткізу үшін) немесе өтінішті (шерулер және демонстрациялар нысанында бейбіт жиналыстар өткізу үшін) оң қараған кезде бейбіт жиналысты ұйымдастырушымен бірлесіп:

               1) бейбіт жиналыстар өткізу орнын материалдық-техникалық қамтамасыз етумен танысу;

               2) шеру және демонстрация маршрутымен танысу үшін іс-шараларды өткізу тәртібін келісу үшін арнайы өткізу орнына бір күн бұрын барады:

  1. Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушылар мен оның қатысушылары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 5 және 6-баптарының талаптарын сақтауы қажет.

Заңның 9-бабы 5-тармағында қарастырылған объектіге іргелес кем дегенде 150 метр қашықтық аумақта шекарасы анықталсын.

Дата публикации
10 августа 2020