Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 мамырдағы «Ақсу ауданының шалғай елді-мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы» № 361/5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 Қазақстан Республикасының  «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына және 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 361/5 «Ақсу қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 10-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Е. Абеноваға жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі                                                         Н. Дүйсенбинов

Ақсу ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі

 

Дата публикации
18 января 2024