Ақсу қаласы әкімінің 2014 жылғы 04 ақпандағы  «Ақсу қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының, жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдары мүшелерінің сайлауларын өткізу бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» № 1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақсу қаласы әкімінің 2014 жылғы 04 ақпандағы

 «Ақсу қаласының аумағында Қазақстан Республикасы

Президентінің, Парламент Мәжілісі және мәслихаттары

депутаттарының, жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдары мүшелерінің сайлауларын өткізу бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» № 1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23-бабы                      1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және                         өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабы 3-тармағына сәйкес, Ақсу қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақсу қаласы әкімінің 2014 жылғы 04 ақпандағы «Ақсу қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының, жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдары мүшелерінің сайлауларын өткізу бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 3718 болып тіркелген, 2014 жылғы 05 наурыздағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысы Б.Х. Нуркеноваға жүктелсін.
  2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі                                                                              Б. Ыбыраев

Шешім
Дата публикации
20 июля 2020