«Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

«Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

Ережесін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және  өзін-өзі  басқару туралы» Заңының 31-бабы                           2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы   1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың  кейбір мәселелері туралы» № 590  қаулысына сәйкес,   қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
  2. Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 шілдедегі «Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 545/5 қаулысының күші жойылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары                         Н.Ж. Байбакировке  жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

          Қала  әкімі                                                                 Н. Дүйсенбинов

Дата публикации
06 октября 2023