Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы  

ЖОБА

 

Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 39-3 – бабының                     6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің                    2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығымен бекітілген, Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қоса беріліп отырған Қағидалары бекітілсін.
  2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округінің әрбір ауылы тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы ауыл тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % (пайыз), бірақ 1 (бір) адамнан кем емес және 3 (үш) адамнан аспайтын мөлшерде бекітілсін.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақсу қалалық

мәслихатының төрағасы                                                     М. Омаргалиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 октября 2023