Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ескертпе

Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы

ескертпе

       Тұрғын үйлерде, пәтерлерде, гараждарда өртті болдырмау үшін:

 - жанып тұрған пешті, жанып жатқан примустарды, керосинкаларды, сөндірілмеген электр үтіктерін, электр пештерін, газ плиталарын қараусыз қалдыруға, сонымен қатар оларды жас балалардың қарауына тапсыруға;

 - бір электр тогына бірнеше қыздыратын электр құрылғыларын қыстыруға, электр сымдарын шегеге ілуге, оны түсқағазбен желімдеуге, электр қалқандарында өздігінен жасалған сақтандырғыш қондырғыларды қолдануға, электр шамдарын қағазбен немесе материямен жабуға;

 - жөнделмеген газ плиталарын, электр құрылғыларын, электр сөндіргіштерін, штепсель электр токтарын пайдалануға;

 - шатырларда, жертөлелерде, қорада, гаражда шылым шегуге және ашық отты пайдалануға;

 - аулаларда, ағаш қоршаулардың жанында және қорада от жандыруға, қоқыс жандыруға;

 - балконда, жертөледе, шатырларда жиһаз, жәшіктер, киімдер, мопед, тез тұтанатын және жанатын заттарды ұстауға;

 - қосымша шығатын жерлерді қатты жабуға, баспалдақта қоймалар жасауға;

 - пәтерлердің ішінде мопед, мотоцикл, ЖЖМ, авторезиналар, ашық ыдыстағы лак пен краскалар сақтауға;

- пәтерлерде, шаруашылық қораларда, жертөлелерде электр сымдарын өздігінен жөндеуге болмайды.

     Отпен ойнамаңыздар !

     Сөнбеген сіріңке мен темекі тұқылдарын тастамаңыздар!

     Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!

     Үйден шыққанда электр құрылғыларын сөндіріңіздер!

      Сіздің үйіңізде өрт болған жағдайда:

 - болған жағдай туралы 101 телефоны арқылы өрт кезекшісіне дереу хабарлаңыз;

 - барлық құралдар арқылы өрт сөндіру шараларын жасаңыз. Егер өрт ошағын өз күшімен жоюға мүмкіндік болмаса, пәтерден шығып есікті құлыптамай жабыңыз, қауіпті зонадан шығыңыз.

      Өрт пәтеріңіздің сыртында болған жағдайда:

 - 101 телефоны арқылы өрт кезекшісіне хабарласыңыз;

 - есік пен терезені жауып, пәтеріңізден шығыңыз;

 - егер дәліз бен баспалдақ түтінге толып, ғимараттан шыға алмасаң, өз үйіңізде қалып терезені айқара ашыңыз. Мықтап жабылған есік Сізді температура қаупінен қорғайды, түтіннен уланбау үшін тесік пен вентиляция саңылауларын суға малынған орамал мен төсек жабдықтарымен жабыңыз. Өрт сөндірушілер оқиға болған жерге келгенде, терезеге жақындап Сізге көмек беру туралы белгі беріңіз.

Есте сақтаңыздар:

        Өрт қауіпсіздігі ережелерін тұрақты сақтағанда, Сіз өзіңізді және басқаларды ауыр зардаптардан сақтайсыз.                 

                                                                                 

    Ақсу қ. ТЖБ

 

 

Дата публикации
25 сентября 2023