Ақсу қаласы мәслихатының «Ақсу қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешім жобасына түсіндірме жазба

Ақсу қаласы мәслихатының «Ақсу қаласы бойынша

шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік

жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы»

шешім жобасына түсіндірме жазба

 

 

Ақсу қаласы мәслихатының «Ақсу қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешім жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының              6-бабы 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» № 181 бұйрығына сәйкес әзірленді. 

 Осы жобаның мақсаты шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту болып табылады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің                     2023 жылғы 14 шілдедегі «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» № 181 бұйрығының 8-тармағына сәйкес шетелдіктер үшін туристік жарнаға туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріндегі тіркелген мөлшерлеме қолданылады. 

Осы шешім жобасы қосымша қаржыландыруды ұйғармайды және кері әлеуметтік-экономикалық және құқықтық зардаптарға әкеп соқтырмайды.  

 

 

Ақсу қаласы мәслихатының «Ақсу қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешім жобасына түсіндірме жазба
Дата публикации
08 сентября 2023