Ақсу қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

 Жоба

 

Ақсу қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған

туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы                  14 шілдедегі «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» № 181 бұйрығына сәйкес Ақсу қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақсу қаласы бойынша шетелдіктер үшін хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде туристік жарна мөлшерлемелері бекітілсін.
  2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Қалалық мәслихатаның төрағасы                              М. Омарғалиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақсу қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
Дата публикации
08 сентября 2023