«Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Пограничник ауылының «Ислам» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Достық ауылдық округі әкімінің шешім
жобасына баспасөз-релизі
Осы шешімді қабылдаудың мақсаты Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Пограничник ауылының «Ислам» шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шараларды белгілеу болып табылады.
Шешім Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының ұсынысына сәйкес әзірленді және осыған байланысты Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Пограничник ауылының «Ислам» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленеды.
Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің «Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Пограничник ауылының «Ислам» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің жобасы https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=4418455 ашық нормативтік құқықтық актілер порталында орналастырылған.
Осы жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Достық ауылдық
округінің әкімі Ж. Каирханов