Ақсу қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы «Ақсу қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» № 73/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы «Ақсу қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» № 73/1 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7195 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

         осы қаулының атауы келесі редакцияда жазылсын:

«Ақсу өңірінің аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы»;

осы қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«1. Ақсу өңірінің аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін»;

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
    күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Қала әкімі                                                                   Н. Дүйсенбинов

Қаулысына қосымша
Дата публикации
31 марта 2023