Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті сәтті дамыту үшін барлық жағдайлар жасалуда.
«Даму» қоры отандық тауар өндірушіні нығайтуға, жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтауға және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға ықпал ететін шағын және орта бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру жолымен кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау құралдарын нарыққа белсенді алға жылжытуда. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын орта бизнесті қаржыландыру жеңілдікті шарттарда, төмен сыйақы мөлшерлемесі бойынша, ұзақ мерзімдерге жүзеге асырылады, кәсіпкерлердің кредиттері субсидияланады және кепілдікті қамтамасыз ету жетіспеген жағдайда кәсіпкерлерге кредит беру үшін кепілдік беріледі.
«Даму» қоры 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба щеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне кепілдік беруді іске қосты. Кепілдік беру – кәсіпкерлерді қаржылық қолдау құралы болып табылады және меншікті кепілдікті қамтамасыз ету жетіспеген жағдайда кредиттерге қолжеткізуді кеңейту және қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба щеңберіндегі кепілдіктер:
Ең жоғарғы сома –1 млрд. теңгеге дейін;
Мерзімі – кредит мерзімінен аспайтын;
Кепілдік мөлшері – кредит сомасынан 85 %-ға дейін;
Қарыз мақсаты – инвестициялар; айналым қаржысын толықтыру; қайта қаржыландыру.
Микрокредиттер бойынша кепілдіктер:
Ең жоғарғы сома – 20 млн. теңгеден астам емес;
Мерзімі – кредит мерзімінен аспайтын;
Кепілдік мөлшері – кредит сомасынан 85 %-ға дейін;
Қарыз мақсаты - инвестициялар; айналым қаржысын толықтыру.
2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба щеңберіндегі субсидиялар:
Ең жоғарғы сома –3 млрд.теңгеге дейін;
Мерзімі – 5 жылға дейін;
Субсидия мөлшері – қарыз алушыға соңғы мөлшерлеме 6%;
Қарыз мақсаты - инвестициялар; айналым қаржысын толықтыру; қайта қаржыландыру.
Портфельдік субсидиялау:
Ең жоғарғы сома – 20 млн. теңгеден астам емес;
Мерзімі – 3 жылға дейін;
Субсидия мөлшері – кредит бойынша қарыз алушыға соңғы мөлшерлеме 6%;
Қарыз мақсаты – инвестициялық мақсаттар және салалық шектеусіз айналым қаржысын толықтыру.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін берілетін мемлекеттік гранттар
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберіндегі субсидиялар. Кредит беру және басымды жобалардың қаржы лизингі тетігі:
Ең жоғарғы сома – шектеусіз;
Мерзімі – 10 жылға дейін;
Субсидия мөлшері – қарыз алушы үшін соңғы мөлшерлеме 6%;
Қарыз мақсаты – инвестициялық мақсаттар және айналым қаржысын толықтыру
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберіндегі кепілдіктер:
Ең жоғарғы сома –1 млрд. теңгеге дейін;
Мерзімі – кредит мерзімінен аспайтын;
Кепілдік мөлшері – кредит сомасынан 50 %-дан аспайтын;
Қарыз мақсаты - инвестициялар; айналым қаржысын толықтыру, лизинг.