Ақсу қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы Қаулысы

Ақсу қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және  Ақсу қалалық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 50 «Ақсу қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссияларын құру туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. Ақсу қалалық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 12 округтік сайлау комиссиялары құрылсын
  2. Ақсу қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Ақсу қалалық мәслихатына жіберілсін.
  3. Осы қаулы Ақсу қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында және «Новый путь», «AQJOL» газеттерінде орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақсу қалалық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                             С. Жақыпов

 

 

 

Ақсу қалалық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                             М. Әлібаева

Дата публикации
29 декабря 2022