Ақсу қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы Қаулысы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1 және 4-тармақтарына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақсу қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша Қаулыға қосымшаға сәйкес шекараларда 12 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері құрылсын
  2. Қаулы Ақсу қалалық мәслихатқа жіберілсін.
  3. Осы қаулы Ақсу қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында және «Новый путь», «AQJOL» газеттерінде орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақсу қалалық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                             С. Жақыпов

 

 

Ақсу қалалық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                             М. Әлібаева

Қосымша.docx

 

Дата публикации
29 декабря 2022