"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармақшасына, "аудандық маңызы бар қала әкімінің аппараты туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 294 бұйрығына сәйкес, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Ақсу қаласының Мамаит Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Ақсу қаласы Мамаит Омаров атындағы ауылдық округі әкімі аппаратының "мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы"Ақсу қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 322/4 қаулысының күші жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары М. Б. Зеновқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.