Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес, Ақсу қаласының әкімі ШЕШТІМ:
- Ақсу қаласы әкімінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» № 3 шешімнің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 166441 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.