Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 294 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Ақсу қаласының Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
- Ақсу қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 мамырдағы «Ақсу қаласының Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 322/4 қаулысының күші жойылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары М.Б. Зеновке жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Н. Дүйсенбинов