Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес, Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақсу қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Н. Дүйсенбинов
|
Ақсу қаласы әкімдігінің
2022 жылғы қаулысына қосымша
|
Ақсу қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
- 2015 жылғы 8 сәуірдегі «Ақсу қаласында кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін ғимараттар беру туралы» № 245/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4438 болып тіркелген);
- «2015 жылғы 8 сәуірдегі «Ақсу қаласында кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін ғимараттар беру туралы» № 245/4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2019 жылғы 8 мамырдағы № 331/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6355 болып тіркелген);
- «2015 жылғы 8 сәуірдегі «Ақсу қаласында кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін ғимараттар беру туралы» № 245/4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 711/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6985 болып тіркелген).