«Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Ақсу қаласы әкімдігінің қаулы жобасы әзірленді (бұдан әрі - қаулы жобасы).
Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес әзірленді.
Қаулы жобасын жүзеге асыру жергілікті бюджеттен қаржылай шығымды қажет етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Қаулы жобасы «Электрондық Үкімет» порталындағы ашық НҚА бөлімінде орналасқан.
“Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік
мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік мүлік туралы” Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы” Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, қала әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қала әкімі Н. Дүйсенбинов