Call-центр жайлы ақпарат

2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері сайлаушылар тізімін нақтылау бойынша жұмыс жүргізетіні туралы Сіздерді хабардар етеміз.

          Сіздер өз конституциялық құқығыңызды пайдаланып, өзіңіз және 18-ден асқан отбасыңыздың мүшелері туралы мәліметтердің сайлаушылар тізімінде толықтығын әрі дұрыстығын Call-орталығы операторларынан 8 (71837) 20200, 
8 (71837) 50876, ұялы 87053494329 (WhatsApp) телефондары арқылы хабарласып тексеруіңіз сұраймыз.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін; сенбі күні 09.00-ден 13.00-ге дейін.

 

Ақсу қаласының әкімдігі

Дата публикации
06 октября 2022