Малға жем дайындау кезінде ауыл тұрғындары ғана емес көптеген қалалықтар да бүкіл жаз бен күз бойы білек сыбанып жұмыс істейді. Көп күнгі еңбегіңді санаулы минуттарда от өрттеп жіберсе ең өкініштісі сол болар.
Облыс бойынша ағымдағы кезеңде шөпті жинау және сақтау кезінде тұрғындардың отты абайсыз қолдануы және балалардың отпен ойнауы себептерінен көп өрт тіркелген.
Павлодар облысының ТЖД Ақсу қаласының ТЖ бойынша бөлімі ауыл тұрғындары және шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтер басшыларынан өтінеді. Шөпті жинау және сақтау кезінде ірі азықты сақтау орындарына тасу және жинау бойынша сенімді техниканы дайындау және дұрыс ұйымдастыруға ерекше көңіл аударыңыз. Бұл шаралар көп уақыт пен ірі көлемдегі шығынды қажет етпейді. Осыны пайдаланып өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын естеріңізге саламыз.
Шөпті дайындау және жинау жұмыстарына тек қана ұшқын сөндіргіш пен алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған автотехника жіберіледі.
Шөпті жинақтау аумағы жанғыш қоқыстан тазартылған, шеті қоршалған немесе мүмкіндігінше су көздеріне жақын орналасуы қажет.
Отаудан электрөткізу желілеріне дейінге арақашықтық 15 метрден аспай, жолдарға дейін 20 метрден кем болмауы керек.
Шөптерді тұрғын құрылыстарының жанына қоралар шатырына жинауға және сондай-ақ өту және жүру жолдарын бөгеуге болмайды.
Шөпті көлікпен тасымалдау кезінде жинау биіктігі 4,5 метрден аспауы керек.
Ақсу қаласының ТЖБ